Super User

Super User

Website URL:

Бразилия футбол академиясына іріктеу.

2015 жылғы 25-30 қаңтар аралығында Алматы қаласында Бразилия Федеративті Республикасының Футбол академиясында оқыту үшін үміткерлерді тексеру өткізілді. «№8 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебі»  МКҚК-дан келесі спортшылар жолданды:

1) Амангельдиев Олжас, 2000 жылы туған – Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.

2) Болманов Бекболат, 2000 жылы туған – Жаттықтырушы: Мифтахов рашид Вагизович.

3) Жүнісов Амирхан, 2000 жылы туған – Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.

4) Утебаев Назар, 2000 жылы туған - Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.

Үміткерлер іріктеу уақытында тереңдетілген медициналық тексерістен

өтіп, бақылау нормативтерін тапсырды (жалпы дене даярлығы және арнайы дене даярлығы) және бірнеше іріктеу матчтарын өткізді. Жиын қорытындысы бойынша «№8 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебі»  МКҚК-нің бір тәрбиеленушісі Амангельдиев Олжас командаға іріктеліп алынды, ол футбол ойындарын оқу және жетілдіру үшін Бразилияға жіберілетін болады! 

 

IMG-20150210-WA0001

2015 ж. футболдан Астана қаласының Біріншілігі (қыс).

Қаңтар айынан бастап Астана-Арена стадионында әуесқой командалар арасында футболдан қала Біріншілігі өтіп жатыр. Бұл жарысқа «№8 БЖМОРСМ» МКҚК 1998-2000ж.т. спортшылары қатысып жатыр.  Балалардың жаттықтырушысы – Мифтахов Рашид Вагизович.

Құрметті ата-аналар мен жанкүйерлер! Стадионға келіп барлығымыз бірге командамызға қолдау көрсетейік! Келесі ойын сенбі күні сағат 11:00 өтеді, командамыздың қарсыласы осы турнирдің алдыңғы орында тұрған командаларының бірі «Батыр» ФК. Кіру тегін! 

 

tablisa

Subscribe to this RSS feed