«Экспо-2017»қысқы кубогы
- Published in Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 20-сы күні 1997-1999 жж. 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында Қ. Мұңайтпасов атындағы стадиондақар үстінде футболдан «EXPOКубогы -2017» турниріболып өтті. Жарысқа «Наша команда» ФК, «Астана - 1964» ФК және «№8 БЖМОРСМ» командалары қатысты. Салтанатты шеруде ашылуына өзінің тілегімен Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының орынбасары Кабдулин Самат Амангелдіұлы сөз сөйлеп барлық спортшыларға сәттілік тіледі.
Кейін ойын 2 алаңда бір уақытта басталды.Турнирда соңында жаттықтырушы - Мифтахов Рашид Вагизовичтің 1997 ж.т. «№8 БЖМОРСМ» тобы жеңіске жетті. Екінші орынды «Астана - 1964» ФК («№8 БЖМОРСМ» 2000 ж.т. тәрбиеленушілері) алды. Күміс жүлдегерлердің жаттықтырушысы - Асылбеков Серік Кәбиұлы. Қола жүлдені осы «№8 БЖМОРСМ» 1998 ж.т. жасөспірімдері иеленді.
Турнирға қатысқан барлық спортшыларды «EXPO-2017» компаниясы ескерткіш сыйлықтары мен жүлделермен марапаттады. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының қолдауымен жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырығаны үшін «№8 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі » МКҚК ұжымы марапатталды.