Бразилия футбол академиясына іріктеу.
- Бөлім:  Жаңалықтар
2015 жылғы 25-30 қаңтар аралығында Алматы қаласында Бразилия Федеративті Республикасының Футбол академиясында оқыту үшін үміткерлерді тексеру өткізілді. «№8 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебі» МКҚК-дан келесі спортшылар жолданды:
1) Амангельдиев Олжас, 2000 жылы туған – Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.
2) Болманов Бекболат, 2000 жылы туған – Жаттықтырушы: Мифтахов рашид Вагизович.
3) Жүнісов Амирхан, 2000 жылы туған – Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.
4) Утебаев Назар, 2000 жылы туған - Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.
Үміткерлер іріктеу уақытында тереңдетілген медициналық тексерістен
өтіп, бақылау нормативтерін тапсырды (жалпы дене даярлығы және арнайы дене даярлығы) және бірнеше іріктеу матчтарын өткізді. Жиын қорытындысы бойынша «№8 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебі» МКҚК-нің бір тәрбиеленушісі Амангельдиев Олжас командаға іріктеліп алынды, ол футбол ойындарын оқу және жетілдіру үшін Бразилияға жіберілетін болады!