madsport          тел:  +7 (7172) 39-02-72

logo

РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін мектеп ұжымы бас қосып, референдумның маңыздылығын талқылады. Жиынға мектеп басшысы Дінмухамед Мәлікұлы, әкімшілік қызметкерлері және жаттықтырушылар қатысты. Мектеп басшысының айтуы бойынша, әр азамат референдумға қатысып, ел дамуына өз үлесін қосуы тиіс. Дінмұхамед Мәлікұлы алдағы реформалар әрбір азаматқа қатысты екенін жеткізді. Кездесуде мектеп қызметкерлері референдум өткізу қажеттілігін қолдады. Олардың пікірінше, республикалық референдумға қатысу кез келген қазақстандықтың азаматтық борышы.

⚜️ Айта кетейік, 5 маусымда Қазақстанда жалпы республикалық референдум өтеді. Елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскелері туралы мәліметтерді онлайн режимінде ала алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өзінің дауыс беру учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі арналар арқылы алуға мүмкіндік береді:
IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша. Азаматты белгілі бір дауыс беру учаскесінде референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, осы учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болатындығын атап өткен жөн.

281555172 1060736581198381

Толығырақ ...

Мемлекеттік рәміздер

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».

«ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Толығырақ ...

«№8 БЖМОРСМ» КММ-нің жаттықтырушылар кеңесі болып өтті.

Күн тәртібінде: Мекеме және мекеменің құрылымы, оқыту процесінің құрылысын ұйымдастыру. Жаттықтырушылар кеңесі аясында жыл қорытындысы шығарылды. Жаттықтырушылардың әр қайсысы атқарылған жұмыстар туралы толық есеп дайындады. Атап айтқанда короновирус COVID-19 пандемиясының ауыр жағдайын ескере отырып 2020 жылдың оң және проблемалы сәттері назардан тыс қалмады. Кездесудің екінші бөлімінде «№8 БЖМОРСМ» КММ-нің жаттықтырушысы Бақытжан Ибрагимовтың ашық жаттығуын тамашалады. Ашық жаттығудың тақырыбы: Қабылдау, беру және допты жөнелту мен өңдеу. Ашық жаттығудың соңында қатысушылар өздерінің тұжырымдарын айтып, ұсақ қателіктерді атап айтты.

Толығырақ ...

Ербол Қошанов: «Біз үлкен тәжірибе алдық»

Бірінші лигадағы маусым аяқталды, маусым таңғажайып әрі оқиғаға толы болды. Короновирустық пандемия, содан кейін чемпионатты ұзақ күту. Ресми ойындардың басталуын болжап білу қыйын еді. №8 «БЖМОРСМ» командасы үшін Бірінші лигадағы алғашқы толық маусым болды.

Толығырақ ...

2020- маусымы аяқталды.

№8 «БЖМОРСМ»-нің статистикасы және турнир қорытындысы.

Құрметті жанкүйерлер, сіздердің назарларыңызға №8 «БЖМОРСМ»-нің 2020-маусымындағы статистикалық мәліметтерін ұсынамыз (Бірінші лига клубтары арасындағы чемпионат) және қорытынды турнир кестесі.

Толығырақ ...

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ 2004 Ж.Т. «№8 БЖМОРСМ» КОМАНДАСЫ

Шымкент қаласында 2004 ж.т. жасөспірімдер арасындағы ҚР Чемпионаты аяқталды. Чемпион атағы үшін Түркістан, Шымкент, Талдықорған және Нұр-Сұлтан қалаларынан командалар бақ сынасты. Турнир қорытындысы бойынша жаттықтырушы - оқытушылары Владимир Коновалов пен Игорь Морозовтың тәрбиеленушілері Нұр-Сұлтан қаласының «№8 БЖМОРСМ» командасы Шымкент қаласының «№17 БЖМОРСМ» командасына бірінші кезең тұғырын беріп, екінші орынды иеленді.

Толығырақ ...

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА МЕДЕЛІ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ «№8 БЖМОРСМ» - НІҢ ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАСЫ.

Қазақстан Чемпионатының соңғы турында «№8 БЖМОРСМ» командасы Қызылорда қаласының «Қызылорда» командасын 11:1 есебімен жеңді.

Толығырақ ...

ФУТБОЛДАН ДАЙЫНДЫҚ ТОБЫНА ҚАБЫЛДАУ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!

Құрметті ата-аналар!
 
№8 БЖМОРСМ футбол секциясына 8-10 жас аралығындағы (2010-2012 ж.т.) ұл балаларды қабылдайтындығы туралы хабарлайды. Жаттығу тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен тегін өткізіледі.
 
Байланыс телефоны: 39-02-72, 39-01-37.
 
Мекен-жайы: Кенесары көшесі,14.
 
№8 БЖМОРСМ" баспасөз қызметі.
 
Толығырақ ...

Dream Cup

Үстіміздегі жылдың 3-7 қаңтар аралығында 2008 ж.т. жасөспірімдер арасында Нұр-Сұлтан қ. Dream Cup Республикалық турнирі өтті. Турнирге 10 команда қатысып. 2008 ж.т. Червоный Сергей Владимировичтің спортшылары 3 орынға ие болды.

Толығырақ ...

Байланыстар

 

 Қазақстан Республикасы,

Нур-Султан қаласы, Есиль ауданы

Керей-Жәнібек хандар, 5

Қабылдау бөлмесі

тел./факс:  +7 (7172) 39-02-72

e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.