Даму кубогы

16-19 сәуірде Қазақстан әйелдер жасөспірімдер құрамасы футболдан УЕФА ұйымдастырған Баку қаласында (Әзірбайжан) даму Кубогына қатысты. Турнирге 4 ел қатысты: Әзірбайжан, Греция, Қазақстан, Грузия. Елімізден ұлттық команда құрамасының көмекші жаттықтырушысы «№8 БЖМОРСМ» МКҚК әйелдер футбол бөлімінің аға-жаттықтырушысы  Дауренбекова Орынбасар Амангелдіқызына жүктелді, сонымен қатар оның тәрбиеленушілері: Алмасбай Дана - қақпашы және Смағұлова Аида -шабуылшы. 

Бірінші ойын күні Қазақстан құрамасы 0:10 есебімен Греция құрамасына ұтылып қалды. Екінші матчта команда Әзірбайжан құрамасымен кездесті. Негізгі уақытта тең есеппен аяқталды, турнирдің иесі пенальтиден  5:4 есебімен дәлірек түсті. Соңғы ойында Қазақстандық команда  Грузии  құрдастарын қарсы алып,  1:0 есебімен жеңіп шықты. Осылайша, Қазақстанның әйелдер жасөспірімдер құрамасы 4 ұпаймен 3-ші орынды иеленді.

Read more...

Ардагерлер турнирі.

12 сәуірде «Алау» мұз сарайы алаңында Ұлы Отан соғысының 70 жылдық Жеңісіне арналған ардагерлер арасында мини-футбол бойынша турнир өтті. Жарысқа Астана қаласынан 3 команда қатысты: «Целиноград» ФК, «Жігер» ФК және «Алау» ФК. Қорытынды нәтижелер бойынша ойындар төмендегідей болды:

І орын – «Целиноград» ФК;

ІІ орын - «Жігер» ФК; 

ІІІ орын – «Алау» ФК.


 

Read more...

«Жазғы демалыс - 2015» атты футболдан Халықаралық турнир.

25-30 наурыз аралығында Алматы қаласында 2000, 2001 және 2002 ж.т. жасөспірімдер арасында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Г.А. Козельконы еске алуға арналған «Жазғы демалыс-2015» атты футболдан Халықаралық турнир болды. Жарыс үш жастан өтті, яғни олардың әрқайсысына 10 команда қатысу арқылы. «№8 БЖМОРСМ» МКҚК-нің 2002 ж.т тәрбиеленушілері Шиве Олег Владимировичтің басшылығымен 7 орынға ие болды, ал  2001 ж.т. спортшылар (жаттықтырушы-Ізтелеуов Бейсенбек Қайыркенұлы)            5 орыннан тоқтады.

 

«№8 БЖМОРСМ» МКҚК-нің 2000 жылы туылған футболшылары Асылбеков Серік Қабиұлының басшылығымен «ЦСКА» ФК мен теңбе-тең ойнап, тек Шымкент қ.«ОДЮШОР» командасынан кем түсіп, сәтті ойын көрсетті. Үшінші орынға спортшыларымыз «ЦСКА» ФК командасын 4:3 есебімен жеңіп,  осылайшатурнирде қоламедаль алды! Құттықтаймыз!


Read more...

56 мектебіндегі жары

5 сәуірде №56 мектеп-лицейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына орай мини-футболдан  2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында турнир өтті. Жарысқа 4 команда қатысты: Астана қаласынан «№8 БЖМОРСМ» , №56 мектеп-лицейі, №23 және №55 мектептер. Ойын айналым жүйесі бойынша өтті, яғни барлығы бір-бірімен ойнау арқылы. Қорытынды кезеңде турнирдың қожайыны №56 мектеп-лицейі жеңіске жетті. Екінші орынды №55 мектеп алды,ал үшінші орынды МКҚК «№8 БЖМОРСМ» алды. Командалар кубоктармен, құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Номинациялар бойынша ең үздік болып:
Үздік қақпашы: Андасов Рүстем. №56 мектеп-лицей.
Үздік қорғаушы: Шмигель Артур. №23 мектеп.
Үздік шабуылшы: Құдайберген Арлен. №55 мектеп.


Read more...

Тараз қаласына іссапар.

       2015 жылдың 23-30 наурыз аралығында Тараз қаласында 2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында футбол ардагері, Футбол бойынша спорт шебері     С.А. Ахметовті еске  алуға арналған Футбол бойынша республикалық турнир өтті. Турнирге10 команда қатысты, оларға 2 топқа бөлінді. Астана қаласының  «№8 БЖМОРСМ» МКҚК-дан Балтабаев Виктор Болатұлының басшылығымен турнирге 2006 ж.т жасөспірімдер қатысты. Топтық кезеңінде бірінші орынға ие болған «№8 БЖМОРСМ» командасы Тараз қаласының «Ұлан-1» командасын және Қарағанды қаласының «Жастар» командасын 3:1 есебімен алға шығып, Ақтөбе облысының «Эмба» командасын 2:1 есебімен жеңді және тек «Монтажник» жергілікті футбол командасынан 1:2 есебімен кем түсті.

 

       Ақырғы ойында Виктор Болатұлының тәрбиеленушілері турнирдің жергілікті қожайындары «Тараз» ФК командасымен кездесті. Кездесу 6:0 есебімен аяқталды. Біздің спортшылар жеңіске жетіп, 2 орын иеленіп және күміс медаль алды! Құттықтаймыз!


 

Read more...

Астана қаласындағы Ашық Біріншілік.

4 және 6 наурыз аралығында Астана қаласында футбол ойын алаңында 2001 жылы туылған жасөспірімдер командалары арасында футбол бойынша ашық Біріншілік өтті. Турнирге 6 команда қатысып, олар 2 шағын топқа бөлінді. А тобы: «№ 8 БЖМОРСМ»-2001,  «№ 8 БЖМОРСМ»-2003, «Астана» ФЦ-2002. Б тобы: Қарағанды қаласы «Жастар», «№ 8 БЖМОРСМ»-2002, «Астана» ФЦ-2001. Нәтижесінде Қарағанды қаласынан келген қонақтар турнир жеңімпазы атанды, екінші орынды «№ 8 БЖМОРСМ»-2001 командасы алды, құрметті үшінші орынды «Астана» ФЦ балдары иеленді.

Номинация бойынша ең үздіктері мыналар болды:

Ең үздік қақпашы – Хильниченко Игорь, «№ 8 БЖМОРСМ»-2001

Ең үздік қорғаушы – Бон Евгений, Қарағанды қаласы «Жастар»

Ең үздік шабуылшы – Жақсылықов Темірлан, «№ 8 БЖМОРСМ»-2001.

 

Read more...

«Бұрқасын-2015» шаңғы фестивалындағы футбол турнирі.

Осы демалыс күндері өткен «Бұрқасын-2015» шаңғы фестивалында 1998-1999 жылдары туылған жасөспірімдер арасында футбол турнирі өтті. Жарысқа 4 команда қатысты: «№8 БЖМОРСМ»-98, «№8 БЖМОРСМ» -99, «Наша   Кампания» ФК және №4 орта мектеп. Матчтар шеңбер жүйесі бойынша өтті, яғни әрбірі әрбірімен жалғаса отырып, Нәтижесінде «Наша Кампания» ФК командасы жеңіп, «№8 БЖМОРСМ»-98 тәрбиеленушілері екінші орынға ие болды, «№8 БЖМОРСМ»-98 командасы құрметті үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен дипломдар тапсырылды.

Номинация бойынша ең үздіктер мыналар атанды:

Ең үздік қақпашы: Тоқсейітов Мади, «№8 БЖМОРСМ»-99

Ең үздік қорғаушы: Салықов Әскер, «№8 БЖМОРСМ»-98

Ең үздік шабылушы: Қапанов Нұрсұлтан, «Наша Кампания» ФК. 

 

 

 

 

Read more...

Мектеп-гимназиядағы жарыс

№ 58 мектеп-гимназиясының спорт залында екі күнге созылған шынайы ымырасыз сайыс өтті, 20 матчтың біреуі ғана теңбе тең түсті. № 8 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі ұйымдастырған турнирдің регламенті бойынша ойындарға 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер ғана қатыса алды.  Командалар үш топқа бөлінді: әрбірінде төрт төрттен. Топтық турдың қорытындысы бойынша плей-оффқа алты команда шықты, оның үшеуі ғана жарыстың ақырғы бөлігіне өте алды, онда Қосшы кентінің № 2 мектебінің оқушыларына тең келетін ешкім болмады. Екінші орынды № 55 мектептің футболшылары жеңіп алды, № 56 мектептің командасы үшінші орынның жүлдегері атанды. Жарыстың жүлдегерлері грамоталармен, ал команда-триумфаторы кубокпен марапатталды. 

Read more...

2015 ж. футболдан Астана қаласының Біріншілігі (қыс).

Қаңтар айынан бастап Астана-Арена стадионында әуесқой командалар арасында футболдан қала Біріншілігі өтіп жатыр. Бұл жарысқа «№8 БЖМОРСМ» МКҚК 1998-2000ж.т. спортшылары қатысып жатыр.  Балалардың жаттықтырушысы – Мифтахов Рашид Вагизович.

Құрметті ата-аналар мен жанкүйерлер! Стадионға келіп барлығымыз бірге командамызға қолдау көрсетейік! Келесі ойын сенбі күні сағат 11:00 өтеді, командамыздың қарсыласы осы турнирдің алдыңғы орында тұрған командаларының бірі «Батыр» ФК. Кіру тегін! 

 

tablisa

Read more...

Бразилия футбол академиясына іріктеу.

2015 жылғы 25-30 қаңтар аралығында Алматы қаласында Бразилия Федеративті Республикасының Футбол академиясында оқыту үшін үміткерлерді тексеру өткізілді. «№8 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебі»  МКҚК-дан келесі спортшылар жолданды:

1) Амангельдиев Олжас, 2000 жылы туған – Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.

2) Болманов Бекболат, 2000 жылы туған – Жаттықтырушы: Мифтахов рашид Вагизович.

3) Жүнісов Амирхан, 2000 жылы туған – Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.

4) Утебаев Назар, 2000 жылы туған - Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.

Үміткерлер іріктеу уақытында тереңдетілген медициналық тексерістен

өтіп, бақылау нормативтерін тапсырды (жалпы дене даярлығы және арнайы дене даярлығы) және бірнеше іріктеу матчтарын өткізді. Жиын қорытындысы бойынша «№8 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебі»  МКҚК-нің бір тәрбиеленушісі Амангельдиев Олжас командаға іріктеліп алынды, ол футбол ойындарын оқу және жетілдіру үшін Бразилияға жіберілетін болады! 

 

IMG-20150210-WA0001

Read more...