ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА МЕДЕЛІ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ «№8 БЖМОРСМ» - НІҢ ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАСЫ. Таңдаулы
- | Автор:  Super User
- шрифт мөлшері шрифт мөлшерін кішірейту шрифт мөлшерін ұлғайту

Қазақстан Чемпионатының соңғы турында «№8 БЖМОРСМ» командасы Қызылорда қаласының «Қызылорда» командасын 11:1 есебімен жеңді.
Әйелдер арасындағы ел біріншілігінің кезеңдері Шымкент қаласында өтіп, екі турда ойнатылды. Бірінші тур осы жылдың 11-19 қыргүйегі арасында «БИІК» футбол орталығында өтті. Турнирдің соңғы кезеңі 5-13 қазан күндері аралығында «Намыс» стадионында өтті.
Аяқталған Чемпионат қорытындысының нәтижесінде «№8 БЖМОРСМ» - нің әйелдер командасы 10 ұпаймен турнир кестесінің үшінші қатарына жайғасты.
«№8 БЖМОРСМ» әйелдер командасын құрметті 3 - орынды иеленуімен құттықтаймыз.
«№8 БЖМОРСМ» КММ-нің баспасөз қызметі