Бразилия футбол академиясына іріктеу.

2015 жылғы 25-30 қаңтар аралығында Алматы қаласында Бразилия Федеративті Республикасының Футбол академиясында оқыту үшін үміткерлерді тексеру өткізілді. «№8 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебі»  МКҚК-дан келесі спортшылар жолданды:

1) Амангельдиев Олжас, 2000 жылы туған – Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.

2) Болманов Бекболат, 2000 жылы туған – Жаттықтырушы: Мифтахов рашид Вагизович.

3) Жүнісов Амирхан, 2000 жылы туған – Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.

4) Утебаев Назар, 2000 жылы туған - Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.

Үміткерлер іріктеу уақытында тереңдетілген медициналық тексерістен

өтіп, бақылау нормативтерін тапсырды (жалпы дене даярлығы және арнайы дене даярлығы) және бірнеше іріктеу матчтарын өткізді. Жиын қорытындысы бойынша «№8 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебі»  МКҚК-нің бір тәрбиеленушісі Амангельдиев Олжас командаға іріктеліп алынды, ол футбол ойындарын оқу және жетілдіру үшін Бразилияға жіберілетін болады! 

 

IMG-20150210-WA0001

Last modified onMonday, 23 February 2015 18:01
back to top