madsport          тел:  +7 (7172) 39-02-72

logo

Super User

Super User

Сайт URL-ы:

НҰР-СҰЛТАН «КОГДА МЫ ИГРАЕМ КАК КОМАНДА – МЫ НЕПОБЕДИМЫ!»

№8 БЖМОРСМ командасының баспа сөз қызметі №8 БЖМОРСМ командасының капитанынан Мутлаиева Арайлым Асылханқызынан сұхбат алды. Арайлым алда болатын ойындар мен өзі туралы айтып өтті.

16 жасымнан бастап футболмен айналыстым, осы биринши жыл №8 БЖМОРСМ командасында ойын көрсетіп жүрмін. Футболмен Шымкент қаласында айналыса бастадым, 3 айдан кейін Астана қ. шақырды, осында келіп «Астана 1964» клубында ойын көрсеттім. 2014 жылы Астана 1964 клубы жабылып, Алматы қ. көшіп кеттім ол жақта «Алматы Барыс» клубында ойнадым. Алматы Барыс клубынан кейін футболды тастауға шештім. Екі жылдан кейін Көкшетау қ. жаттықтырушысы «Оқжетпес» клубына шақырды. Екі жыл «Оқжетпес» командасының сапында ойын көрсеттім ал қазыр №8 БЖМОРСМ команда капитанымын.

LLF Junior 2019 турнирінде №8 БЖМОРСМ екі дүркін жеңімпаз атанды.

№8 БЖМОРСМ командасы тағы бір алтынды 2010 ж.т. жасөспірімдер жеңіп аалды. «ЛЛФ Джуниор 2019» жарысында ие болды. Заматаев Мади Ерканатовичтің спортшылары ойналған 14 ойында басқа командаларға бірде-бір мүмкіншілік бермей, барлық ойындарды жеңіп шықты. Біздің команданың спортшылары 56 гол салып, тек 6 гол ғана жіберіп алды. Бұл Біріншіліктің ең жақсы көрсеткіші болды. Осы жарыста №8 БЖМОРСМ командасының ойыншылары үздік атақтармен марапатталды. Турнирдің ең үздік ойыншысы Асатов Амир атанса, ең көп гол соққан Диян Алан болды.

Тараз қ. өткен ҚР Чемпионатының жеңімпаздары.

Үстіміздегі жылдың 10-19 маусым аралығында Тараз қ. 2006 ж.т. жасөспірімдер арасында ҚР облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент ққ. қатысуымен ҚР Чемпионаты өтті. Жарысқа 4 топқа бөлінген 16 команда қатысты. №8 БЖМОРСМ командасы топтан 1 орынмен шығып финалға жолдама алу үшін Алматы обл. командасымен кездесіп ойынның берілген уақытында 2:2 есебімен тең түсіп, ойын соңындағы айып добынан №8 БЖМОРСМ командасы жеңіп финалға жолдама алды.

Ақкөл а. келген балалар үйімен жолдастық кездесу.

Нұр-Сұлтан қ. №8 БЖМОРСМ Ақкөл а. №1 балалар үйімен қайырымдылық іс-шара өтті. Балаларға арнап, біздің Екінші Лига командалары арасында ойын көрсететін №8 БЖМОРСМ командасымен «Мастер класс» және жолдастық кездесу ойындары болды. Қазақстан – Сан-Марино ойынын көрдік. Балалар үйінің жаттықтырушысы Сергей Николаевичтің айтуы бойынша балалар жақсы әсер алды. №8 БЖМОРСМ қызметкерлері қыс мезгілінде келіп, балалармен жақсы уақыт өткізген болатын. Ойын ойнап, сол мезгілден бастап бірге қызмет көрсете бастадық. Балалар үйіне №8 БЖМОРСМ әрдайым көмектесіп тұрады.

Осы RSS каналға жазылу

Байланыстар

Қазақстан Республикасы,

Нұр-Сұлтан қ. Кенесары көшесі 14 үй

тел:  +7 (7172) 39-02-72 

Қабылдау бөлімі

тел./факс:  +7 (7172) 39-01-37 

e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.