madsport          тел:  +7 (7172) 39-02-72

logo

Super User

Super User

Сайт URL-ы:

№ 63 ортамектепте болған турнир жайында

№63 орта мектептің құрылғанына 5 жыл толуына орай қаңтар айының 23-24 аралығында 2002-2003 ж.т. аралас командалар жасөспірім балалар және жасөсіпірім қыздар арасында жарыс болып өтті. Жарысқа «№ 8 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» МКҚК-да қосымша жаттықтырушы болып жұмыс атқаратын жалпы білім беретін 10 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріқатысты.

«№8 БЖМОРСМ» МКҚК-нан екі команда қатысты: бірі 2004 ж.т.  жасөспірімдер, жаттықтырушысы – Кураметов Жеңісжан, екіншісі 2002-2004 ж.т. жасөспірім қыздар тобы, жаттықтырушысы - Дәуренбекова Орынбасар.

Жарыс тартысты, өте қызықты өтті. Қорытынды кезінде жақсы ойын көрсетіп өз қатарларынан озып шыққан № 63 орта мектебі жеңіске жетті. Екінші орынды№ 59 орта мектебі, ал үшінші орынды  № 4 орта мектебі жеңіп алды. Барлық жеңімпаздарды кубокпен, мақтау қағазымен марапаттады. Ең үздік номинация бойынша «үздік қақпашы» атанған №59 орта мектебінің спортшысы- Бәкижев Нагда,«үздік қорғаушы» атанған №4 орта мектебінің спортшысы – Молдияров Мадияр, «үздік шабуылшы» атанған №63 орта мектебінің спортшысы– Жәрдемов Әлібек болды.

№63 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, қосымша «№8 БЖМОРСМ» МКҚК-нің жаттықтырушысы - Әлжекеев Әділ Ілиясұлын осындай спорттық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып марапаттады. «№ 8 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» МКҚК директоры Үсенбаев Ернар Сағынайұлы балалардың спортқа деген талпыныстарын байқап осындай жарыстардың жиі-жиі болып тұратындығын айтты. 

 

IMG-20150127-WA0018

Бразилия футбол академиясына іріктеу.

2015 жылғы 25-30 қаңтар аралығында Алматы қаласында Бразилия Федеративті Республикасының Футбол академиясында оқыту үшін үміткерлерді тексеру өткізілді. «№8 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебі»  МКҚК-дан келесі спортшылар жолданды:

1) Амангельдиев Олжас, 2000 жылы туған – Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.

2) Болманов Бекболат, 2000 жылы туған – Жаттықтырушы: Мифтахов рашид Вагизович.

3) Жүнісов Амирхан, 2000 жылы туған – Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.

4) Утебаев Назар, 2000 жылы туған - Аға жаттықтырушы: Асылбеков Серік Кабиұлы.

Үміткерлер іріктеу уақытында тереңдетілген медициналық тексерістен

өтіп, бақылау нормативтерін тапсырды (жалпы дене даярлығы және арнайы дене даярлығы) және бірнеше іріктеу матчтарын өткізді. Жиын қорытындысы бойынша «№8 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебі»  МКҚК-нің бір тәрбиеленушісі Амангельдиев Олжас командаға іріктеліп алынды, ол футбол ойындарын оқу және жетілдіру үшін Бразилияға жіберілетін болады! 

 

IMG-20150210-WA0001

2015 ж. футболдан Астана қаласының Біріншілігі (қыс).

Қаңтар айынан бастап Астана-Арена стадионында әуесқой командалар арасында футболдан қала Біріншілігі өтіп жатыр. Бұл жарысқа «№8 БЖМОРСМ» МКҚК 1998-2000ж.т. спортшылары қатысып жатыр.  Балалардың жаттықтырушысы – Мифтахов Рашид Вагизович.

Құрметті ата-аналар мен жанкүйерлер! Стадионға келіп барлығымыз бірге командамызға қолдау көрсетейік! Келесі ойын сенбі күні сағат 11:00 өтеді, командамыздың қарсыласы осы турнирдің алдыңғы орында тұрған командаларының бірі «Батыр» ФК. Кіру тегін! 

 

tablisa

Осы RSS каналға жазылу

Байланыстар

Қазақстан Республикасы,

Нұр-Сұлтан қ. Кенесары көшесі 14 үй

тел:  +7 (7172) 39-02-72 

Қабылдау бөлімі

тел./факс:  +7 (7172) 39-01-37 

e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.