madsport          тел:  +7 (7172) 39-02-72

logo

Dream Cup

Үстіміздегі жылдың 3-7 қаңтар аралығында 2008 ж.т. жасөспірімдер арасында Нұр-Сұлтан қ. Dream Cup Республикалық турнирі өтті. Турнирге 10 команда қатысып. 2008 ж.т. Червоный Сергей Владимировичтің спортшылары 3 орынға ие болды.

Толығырақ ...

Шағын-футболдан ҚР 2 Чемпионаты

Үстіміздегі жылдың 15-17 желтоқсан аралығында Қарағанды қ. шағын-футболдан 2008-2009 ж.т. жасөспірімдер арасында ҚР екінші Чемпионаты өтті. Турнирге 16 команда қатысты. №8 БЖМОРСМ командасы атынан 2009 ж.т. Асылбеков Серик Кабиевичтің спортшылары 3 орынға ие болды.

Толығырақ ...

Петропавл қ. турнир

4-7 қараша аралығында Петропавл қ. 2008-2009 жж.т. жасөспірімдер арасында А.Н. Соломинді еске алуға арналған Республикалық турнир өтті. Жарыста 2 топқа бөлінген 8 команда қатысты. №8 БЖМОРСМ командасы атынан Червоный Сергей Владимировичтің 2008 ж.т. спортшылары қатысты. жарыста 4 ойынның 3 ойынын жеңіп 3 орынға ие болды.

Толығырақ ...

Екінші Лига командалар арасында БЖМОРСМ №8 жеңімпаз!

22 қазан №8 БЖМОРСМ командасы Екінші Лига командалары арасында ҚР Чемпионатының мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. Осыған орай, ҚР Чемпионатының қола жүлдегерлері және ҚР Кубогының күміс жүлдегерлері әйелдер командасын және жасөспірімдер арасында Бірінші Лига командалары арасында ҚР Чемпионаттарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімі Астана Арена стадионында салтанатты түрде өтті. ПФЛК президенті Олжас Абраев, Мәдениет және спорт басқарма басшысының орынбасары Б.Б. Маржикпаев және Нұр-Сұлтан қ. Футбол Федерациясының вице-президенті А.З. Амировтар марапаттау рәсімін жүргізді.

Толығырақ ...

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі инвесторларды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын жүзеге асыруға шақырады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ықтимал жеке серіктестерді тарту үшін МЖӘ тетігін қолдана отырып «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды реконструкциялау және пайдалану» жобасын талқылауға (бәсекелестік диалог) шақырады.

Толығырақ ...

Тағы бір алтын мектепте!

5-14 тамыз аралығында Ақтөбе қ. 2004 ж.т. жасөспірімдер арасында ҚР облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент ққ. қатысуымен ҚР Чемпионаты өтті. Жарыста 9 команда қатысты. Топтан 2 ші орынмен шығып, келесі топтың 1-ші орын алған командасы №17 БЖМОРСМ Шымкент қ. кездесті. Ойынды 2:0 есебімен жеңіп, финалда жарыстың иелері Ақтөбе қ. кездесіп 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Толығырақ ...

НҰР-СҰЛТАН «КОГДА МЫ ИГРАЕМ КАК КОМАНДА – МЫ НЕПОБЕДИМЫ!»

№8 БЖМОРСМ командасының баспа сөз қызметі №8 БЖМОРСМ командасының капитанынан Мутлаиева Арайлым Асылханқызынан сұхбат алды. Арайлым алда болатын ойындар мен өзі туралы айтып өтті.

16 жасымнан бастап футболмен айналыстым, осы биринши жыл №8 БЖМОРСМ командасында ойын көрсетіп жүрмін. Футболмен Шымкент қаласында айналыса бастадым, 3 айдан кейін Астана қ. шақырды, осында келіп «Астана 1964» клубында ойын көрсеттім. 2014 жылы Астана 1964 клубы жабылып, Алматы қ. көшіп кеттім ол жақта «Алматы Барыс» клубында ойнадым. Алматы Барыс клубынан кейін футболды тастауға шештім. Екі жылдан кейін Көкшетау қ. жаттықтырушысы «Оқжетпес» клубына шақырды. Екі жыл «Оқжетпес» командасының сапында ойын көрсеттім ал қазыр №8 БЖМОРСМ команда капитанымын.

Толығырақ ...

LLF Junior 2019 турнирінде №8 БЖМОРСМ екі дүркін жеңімпаз атанды.

№8 БЖМОРСМ командасы тағы бір алтынды 2010 ж.т. жасөспірімдер жеңіп аалды. «ЛЛФ Джуниор 2019» жарысында ие болды. Заматаев Мади Ерканатовичтің спортшылары ойналған 14 ойында басқа командаларға бірде-бір мүмкіншілік бермей, барлық ойындарды жеңіп шықты. Біздің команданың спортшылары 56 гол салып, тек 6 гол ғана жіберіп алды. Бұл Біріншіліктің ең жақсы көрсеткіші болды. Осы жарыста №8 БЖМОРСМ командасының ойыншылары үздік атақтармен марапатталды. Турнирдің ең үздік ойыншысы Асатов Амир атанса, ең көп гол соққан Диян Алан болды.

Толығырақ ...

Байланыстар

Қазақстан Республикасы,

Нұр-Сұлтан қ. Кенесары көшесі 14 үй

тел:  +7 (7172) 39-02-72 

Қабылдау бөлімі

тел./факс:  +7 (7172) 39-01-37 

e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.