Әуесқой футболшылар арасында ҚР Кубогі

2018 ж. 20-27 маусым аралығында Қостанай облысы Рудный қаласында Әуесқой футболшылар арасында Қазақстан Республикасының Кубогі өтті.

Жарысқа 2 топтан тұратын 8 команда қатысты. Біздің №8 БЖМОРСМ командасының атынан Шумара Андрей Викторович пен Молдашбаев Джамбул Суюнбаенвичтің командалары қатысты.

Read more...

Турнир «Астана-есірткісіз қала»

Үстіміздегі жылдың 13-14 маусы аралығында, Астана қаласын Қ.Мұңайтпасов стадионында шағын-футболдан 2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында «Халықаралық есірткіге қарсы күрес күнге» арналған турнир өтті. Турнирге 2 топқа бөлінген 8 команда қатысты. БЖМОРСМ №8 командасы атынан Молдашбаев Джамбул Суюнбайұлының 2007 ж.т. спортшылары және Мифтахов Рашид Вагизовичтің 2008 ж.т. спортшылары қатысты. Жарыс соңында, 2007 ж.т. Молдашбаев Д.С. командасы 3 орынға және 2008 ж.т. Мифтахов Р.В. спортшылары 4 орынға ие болды.

Read more...

«Алтай Кубогы» Халықаралық турнир

2017 ж. 3-8 шілде аралығында Өскемен қаласында футболдан 2006 ж.т. жасөспірімдер арасында «Алтай Кубогы» Халықаралық турнирі өтті. Турнирге Қазақстан және Россиядан келген 8 команда қатысты. Оларды 2 топқа бөліп, КММ «№8 БЖМОРСМ» командасын басқарған Меланич Александр Александровичтің спотршылары топтан 2 орынмен жартылай финалға шықты. «Алтай» Өскемен қ. 2:1, «Цинник» Омск қ. 2:2 және 1:1 «Жетысу» Талдықорған қ. финалға Семей қаласының «Алтай» командасымен кездесіп 2:1 есебімен жеңіп финалға жолдама алдық. Ал бірінші орынға таласқан «№8 БЖМОРСМ» және Павлодар қаласының «СДЮШОР» командалар арасында өте тартысты ойын болып, 3:2 есебімен Павлодар қаласы жеңіп кетті. Турнир соңында «№8 БЖМОРСМ» командасы 2 орынға табан тіреді. Жарыста «Үздік жартылай қорғаушы» атағын Тулешов Алихан жеңіп алды.

Read more...

ҚРЧ Шымкент қаласында

Үстімізгі жылдың 1-9 шілде аралығында Шымкент қаласында футболдан 2004 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Жарысқа 2 топқа бөлінген 10 команда бақтарын сынады. КММ «№8 БЖМОРСМ» командасын басқарған Коновалов Владимир Николаевич, Черемных Дмитрий Михайлович және Хамитов Рамиль Равильевич аяқдопшылары топта бір ойын тең түсіп және 3 ойын жеңіп 1 орынмен топтан шықты. «ОСДЮСШОР-2004» Шымкент қ. 2:2, «№32 БЖСМ» Шу қ. 8:0, «ОСДЮСШОР №5» Тараз қ. 4:0 и «ОСДЮСШОР №6»  Кызылорда қ. 3:0. Жартылай финалда біздің спортшылар Алматы қаласымен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. 11 метрлік айып добында «№8 БЖМОРСМ» командасы 5:4 есебімен жеңіп, финалға шықты. Финалда Шымкент қ. командасымен кездесіп, есе жіберіп алдық. Жарыстың соңында 2 орынға ие болдық.

Read more...

Евгений Постников №8 БЖМОРСМ тәрбиеленушілерінің жаттығу жұмыстарына қатысты

16 маусымда, «Астана» командасының қорғаушысы Евгений Постников Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда астаналық №8 БЖМОРСМ тəрбиеленушілеріне мастер-класс өткізді.

Евгений 2008 жəне 2009 жылғы туған жасөспірімдерден құралған топтардың жаттығу жұмыстарына қолдау көрсетіп, жас аяқдопшылармен бірге жаттығу жұмыстарын жасап, бүлдіршіндерге ақыл-кеңестерін айтып, сəттілік тіледі.

Жаттығу жұмыстары аяқталғаннан кейін елордалық команданың қорғаушысы жас аяқдопшыларға естелік сыйлықтар табыстап, қолтаңба берді.Жалпы алғанда жаттығу жұмыстары өте жоғары деңгейде өтті.Ал өз кезегінде№8 БЖМОРСМ тəрбиеленушілері сүйіктіойыншысына қолтаңбалары қойылған арнайы постерді сыйлыққа тартып, естелік суреттерге түсті.

№8 БЖМОРСМ 2003 жылдың қаңтарында қала əкімдігінің қолдауымен ашылып, қазіргі уақытта 700-ге жуық баланы тəрбиелеуде.

Тағы бір айта кететін жайт, Ұлттық құрама ойыншылары Давид Лория мен Исламбек Қуат, экс-ойыншылары Антон Чичулин мен Максим Азовский аталмыш футбол мектебінің түлектері.

Read more...

Жаттықтырушы А.И. Шхалаховты еске алуға арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жылдығына орай футболдан 2005 ж.т. жасөспірімдер арасында Республикалық турнир өтті.

Теміртау қаласында ағымдағы жылдың  қазан айының 21-23 күндері аралығындажаттықтырушы А.И. Шхалаховты  еске алуға арналған ҚазақстанРеспубликасының Тәуелсіздігіне 25-жылдығына орай  футболдан2005 ж.т. жасөспірімдер арасында Республикалық турнир өтті.Турнирге 4 команда қатысты, екі команда Теміртау қаласынан, бір команда Қарағанда қаласынан және Астана қаласы әкімдігінің «№ 8 БЖМОРСМ» командасы.  Бірінші ойынды Астана қаласы әкімдігінің «№ 8 БЖМОРСМ» командасы Теміртау қаласының командасымен кездесті. Ойын екі команда үшін оңай болмады. Бұл ойынын жеңімпазы 3:1 есебімен Астана қаласы әкімдігінің «№ 8 БЖМОРСМ» командасы атанды. Екінші кездесу «Шахтер» ФК командасымен өтті. Жаттықтырушы-оқытушы В.М. Скучалинің жеткіншектері «Шахтер» командасын 3:2 есебімен ұтып жеңіске жетті. Ақтық ойында біздің команда «Булат» ФК командасымен кездесіп жаттықтырушы-оқытушы В.М. Скучалинің сауатты басшылығымен  ойынын соңыда 2:1 есебімен жеңімпаз атанды.

Астана қаласы әкімдігінің «№ 8 БЖМОРСМ»  ұжымы осы турнирде 1-ші орынға ие болғаны үшін жаттықтырушы – оқытушы В.М. Скучалинді  және Р.С. Абулхайровты осы жеңіспен шын жүректен құттықтайды.

   Командалар атауы

1

«БЖОРСМ» Теміртау қ.

2

«№8 БЖМОРСМ»  Астана қ.

3

«Булат» ФК Теміртау қ.

4

«Шахтер» Қарағанды қ.

Read more...

Астанадағы футбол фестивалі.

Ағымдағы айда Қазақстанның жеті қаласында  қыздарға арналған футболдан FIFA  фестивалі Live Your  GoaIS   өтті. Бұл жоба Қазақстан футбол федерациясы Халықаралық футбол федерациясымен бірігіп өткізді. Жарыс Шымкент қаласында басталды. Одан әрі  Тараз, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Павлодар  қаласында жалғасты. Спорттық  акция Астанада 25 қыркүйекте мәресіне жетті. Акцияға 370 адам қатысты. Қыздар үшін әртүрм  ойындар,көнілді старт,және эстафета ұймдастырылды.

Read more...

Астана қаласы әкімдігінің «№8 БЖМОРСМ» жеткінщектері Қытай Халық Республикасында өткен халықаралық турнирге қатысты.

Астана қаласы әкімдігінің «№8 БЖМОРСМ» жеткіншектері жаттықтырушы-оқытушы Б.К. Изтлеуовтің басшылығымен Қытай Халық Республикасында өткен халықаралық турнирге қатысты. Турнирге Испания, Пакистан, Қытай, Камбоджия, Япония, Сингапур, Малазия және Қазақстан елінің 2001 ж.т. балалары қатысты. Ойын екі топқа төрт командадан бөлініп, өз ара ойнап жеңімпаздар анықталды. Астана қаласы әкімдігінің «№8 БЖМОРСМ» жеткіншектері топтан бірінші болып жартылай финалда Қытай елінің командасымен кездесіп жеңіске жетті. Ақтық ойында біздің спортшыларымыз Камбоджия елінің командасымен кездесіп 2:3 есебімен жеңісті қолдан жіберіп алып екінші орынды қанағат тұтты.  Астана қаласы әкімдігінің «№8 БЖМОРСМ» жеткіншектері халықаралық деңгейде басқа елдің командаларымен бәсекелес бола алатының дәлелдеді. Астана қаласы әкімдігінің «№8 БЖМОРСМ» ұжымы жаттықтырушы Б.К. Изтлеуовті халықаралық турнирде екінші орынға ие болған үшін құттықтайды. 

Read more...