madsport          тел:  +7 (7172) 39-02-72

logo

«№8 БЖМОРСМ» КММ-нің жаттықтырушылар кеңесі болып өтті. Таңдаулы

«№8 БЖМОРСМ» КММ-нің жаттықтырушылар кеңесі болып өтті.

Күн тәртібінде: Мекеме және мекеменің құрылымы, оқыту процесінің құрылысын ұйымдастыру. Жаттықтырушылар кеңесі аясында жыл қорытындысы шығарылды. Жаттықтырушылардың әр қайсысы атқарылған жұмыстар туралы толық есеп дайындады. Атап айтқанда короновирус COVID-19 пандемиясының ауыр жағдайын ескере отырып 2020 жылдың оң және проблемалы сәттері назардан тыс қалмады. Кездесудің екінші бөлімінде «№8 БЖМОРСМ» КММ-нің жаттықтырушысы Бақытжан Ибрагимовтың ашық жаттығуын тамашалады. Ашық жаттығудың тақырыбы: Қабылдау, беру және допты жөнелту мен өңдеу. Ашық жаттығудың соңында қатысушылар өздерінің тұжырымдарын айтып, ұсақ қателіктерді атап айтты.

Кеңестің қорытынды бөлімінде мектептің жаттықтырушылар құрамы осындай кездесулер үнемі болып тұруы керек деген ортақ пікірге келді. Біріншіден тәжірибе алмасу үшін, екіншіден барлық жастағы спортшылардың жаттығу процессі бірдей болуы керек деген қорытынды жасады.

«№8 БЖМОРСМ» баспасөз қызметі.

17-11-2020-217-11-2020-3

Жоғарыға

Байланыстар

Қазақстан Республикасы,

Нұр-Сұлтан қ. Кенесары көшесі 14 үй

тел:  +7 (7172) 39-02-72 

Қабылдау бөлімі

тел./факс:  +7 (7172) 39-01-37 

e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.