madsport          тел:  +7 (7172) 39-02-72

logo

НҰР-СҰЛТАН «КОГДА МЫ ИГРАЕМ КАК КОМАНДА – МЫ НЕПОБЕДИМЫ!» Таңдаулы

НҰР-СҰЛТАН «КОГДА МЫ ИГРАЕМ КАК КОМАНДА – МЫ НЕПОБЕДИМЫ!»

№8 БЖМОРСМ командасының баспа сөз қызметі №8 БЖМОРСМ командасының капитанынан Мутлаиева Арайлым Асылханқызынан сұхбат алды. Арайлым алда болатын ойындар мен өзі туралы айтып өтті.

16 жасымнан бастап футболмен айналыстым, осы биринши жыл №8 БЖМОРСМ командасында ойын көрсетіп жүрмін. Футболмен Шымкент қаласында айналыса бастадым, 3 айдан кейін Астана қ. шақырды, осында келіп «Астана 1964» клубында ойын көрсеттім. 2014 жылы Астана 1964 клубы жабылып, Алматы қ. көшіп кеттім ол жақта «Алматы Барыс» клубында ойнадым. Алматы Барыс клубынан кейін футболды тастауға шештім. Екі жылдан кейін Көкшетау қ. жаттықтырушысы «Оқжетпес» клубына шақырды. Екі жыл «Оқжетпес» командасының сапында ойын көрсеттім ал қазыр №8 БЖМОРСМ команда капитанымын.

Осы жарыстағы команданың міндеті?

Жаттықтырушы осы жарыста бізге үлкен міндеттер қоюда. Осы жарыстың міндеті бірінші орын жоқ дегенде екінші орын. Лига Чемпионатында ойын көрсеткіміз келеді. Қазыр екінші орын алуға мүмкіндік болып тұр. Бұл жарыстың көшбасшысы БИІК командасымен ойынға қызу дайындық үстіндеміз. Бізге 4 ұпай керек, яғни 1 ойын жеңіп 1 ойын тепе-тең. Егер де барлық ойыншылар тырысып ойнаса жеңуге мүмкіндік бар.

Арайлым, сен қалай футболға келдің?

Менің футболға келуіме Самат Смаков себеп болды. кішкентай кезімде менің жақсы көретін футболшылар: Хави, Иньеста и Пол Скоулз. Футболдан баска кітап оқығанды, кино көргенді және құрбыларыммен қыдырғанды ұнатамын. Мысалыға соңғы оқыған кітабым P.S. Я люблю тебя. Менің жақсы көретін киноларым: Гарри Поттер, Пираты Карибского моря және де үнді, атыс-шабыс киноларын қызығып қараймын.

8 БЖМОРСМ командасына сәттілік тилейміз. Ойындар 16 және 18 тамыз күндері болады.

Жоғарыға

Байланыстар

Қазақстан Республикасы,

Нұр-Сұлтан қ. Кенесары көшесі 14 үй

тел:  +7 (7172) 39-02-72 

Қабылдау бөлімі

тел./факс:  +7 (7172) 39-01-37 

e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.