madsport          тел:  +7 (7172) 39-02-72

logo

LLF Junior 2019 турнирінде №8 БЖМОРСМ екі дүркін жеңімпаз атанды. Таңдаулы

LLF Junior 2019 турнирінде №8 БЖМОРСМ екі дүркін жеңімпаз атанды.

№8 БЖМОРСМ командасы тағы бір алтынды 2010 ж.т. жасөспірімдер жеңіп аалды. «ЛЛФ Джуниор 2019» жарысында ие болды. Заматаев Мади Ерканатовичтің спортшылары ойналған 14 ойында басқа командаларға бірде-бір мүмкіншілік бермей, барлық ойындарды жеңіп шықты. Біздің команданың спортшылары 56 гол салып, тек 6 гол ғана жіберіп алды. Бұл Біріншіліктің ең жақсы көрсеткіші болды. Осы жарыста №8 БЖМОРСМ командасының ойыншылары үздік атақтармен марапатталды. Турнирдің ең үздік ойыншысы Асатов Амир атанса, ең көп гол соққан Диян Алан болды.

 «Турнир ЛЛФ Джуниор» ең мықты жарыстардың бірі, турнирдің ұйымдастыруы және төрешелері жоғары деңгейде болды. Осы жарысқа екі жыл қатарынан қатысып отырмыз, екуінде де жеңімпаз атандық. Заматаев Мади Ерканатовичтің айтуы бойынша: Спортшылар қойылған талаптарды дұрыс орындай алды, сол себепті жеңімпаз атандық деп ойлаймын.

Мади Ерканатовичтің айтуы бойынша, «Турнир ЛЛФ Джуниор-2018» 2009-2010 жж.т. жасөспірімдердің арасында ең бірінші турнир болды. сол жылы да 2010 ж. жасөспірімдер 1 орын алған болатын. 2018 ж. №8 БЖМОРСМ командасының ойыншылары Жақсылық Динмухамед ең үздік ойыншы атанса, ең үздік бомбардир Диян Алан атанған болатын.

Жоғарыға

Байланыстар

Қазақстан Республикасы,

Нұр-Сұлтан қ. Кенесары көшесі 14 үй

тел:  +7 (7172) 39-02-72 

Қабылдау бөлімі

тел./факс:  +7 (7172) 39-01-37 

e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.