Евгений Постников №8 БЖМОРСМ тәрбиеленушілерінің жаттығу жұмыстарына қатысты Featured

Евгений Постников №8 БЖМОРСМ тәрбиеленушілерінің жаттығу жұмыстарына қатысты

16 маусымда, «Астана» командасының қорғаушысы Евгений Постников Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда астаналық №8 БЖМОРСМ тəрбиеленушілеріне мастер-класс өткізді.

Евгений 2008 жəне 2009 жылғы туған жасөспірімдерден құралған топтардың жаттығу жұмыстарына қолдау көрсетіп, жас аяқдопшылармен бірге жаттығу жұмыстарын жасап, бүлдіршіндерге ақыл-кеңестерін айтып, сəттілік тіледі.

Жаттығу жұмыстары аяқталғаннан кейін елордалық команданың қорғаушысы жас аяқдопшыларға естелік сыйлықтар табыстап, қолтаңба берді.Жалпы алғанда жаттығу жұмыстары өте жоғары деңгейде өтті.Ал өз кезегінде№8 БЖМОРСМ тəрбиеленушілері сүйіктіойыншысына қолтаңбалары қойылған арнайы постерді сыйлыққа тартып, естелік суреттерге түсті.

№8 БЖМОРСМ 2003 жылдың қаңтарында қала əкімдігінің қолдауымен ашылып, қазіргі уақытта 700-ге жуық баланы тəрбиелеуде.

Тағы бір айта кететін жайт, Ұлттық құрама ойыншылары Давид Лория мен Исламбек Қуат, экс-ойыншылары Антон Чичулин мен Максим Азовский аталмыш футбол мектебінің түлектері.

back to top