Астана қаласы әкімдігінің «№8 БЖМОРСМ» жеткінщектері Қытай Халық Республикасында өткен халықаралық турнирге қатысты.

Астана қаласы әкімдігінің «№8 БЖМОРСМ» жеткінщектері Қытай Халық Республикасында өткен халықаралық турнирге қатысты.

Астана қаласы әкімдігінің «№8 БЖМОРСМ» жеткіншектері жаттықтырушы-оқытушы Б.К. Изтлеуовтің басшылығымен Қытай Халық Республикасында өткен халықаралық турнирге қатысты. Турнирге Испания, Пакистан, Қытай, Камбоджия, Япония, Сингапур, Малазия және Қазақстан елінің 2001 ж.т. балалары қатысты. Ойын екі топқа төрт командадан бөлініп, өз ара ойнап жеңімпаздар анықталды. Астана қаласы әкімдігінің «№8 БЖМОРСМ» жеткіншектері топтан бірінші болып жартылай финалда Қытай елінің командасымен кездесіп жеңіске жетті. Ақтық ойында біздің спортшыларымыз Камбоджия елінің командасымен кездесіп 2:3 есебімен жеңісті қолдан жіберіп алып екінші орынды қанағат тұтты.  Астана қаласы әкімдігінің «№8 БЖМОРСМ» жеткіншектері халықаралық деңгейде басқа елдің командаларымен бәсекелес бола алатының дәлелдеді. Астана қаласы әкімдігінің «№8 БЖМОРСМ» ұжымы жаттықтырушы Б.К. Изтлеуовті халықаралық турнирде екінші орынға ие болған үшін құттықтайды. 

back to top