madsport          тел:  +7 (7172) 39-02-72

logo

Super User

Super User

Сайт URL-ы:

№8 БЖМОРСМ командасының Екінші Лигада ойынының басталуы

Биыл бірінші жылы №8 БЖМОРСМ мектебінде команда ашылды, бұл команда 2019 жылдың ҚР Біріншілігінің Екінші Лига командалары арасында ойын көрсетеді. №8 БЖМОРСМ командасы бірінші турда ФК Тараз қаласын 4:2 есебімен жеңіп, 7 сәуір күні болған екінші турда №8 БЖМОРСМ командасы Академия Оңтүстік командасын 2:0 есебімен басым түсті.

Алматы қ. Халықаралық турнир

2019 жылдың 21-31 наурыз аралығында футболдан 2004 ж.т. жасөспірімдер арасында ҚР ЕСЖ Г.А. Козельконы еске алуға 19 Халықаралық турнир өтті. Турнирге 2 топқа бөлінген 8 команда қатысты. «№8 БЖМОРСМ» КММ атынан Коновалов Владимир Николаевич пен Морозов Игорь Юрьевичтің командасы 2 ойынды жеңіп (Арыстан 2:0, ФК «Кайрат-2» 3:0), 1 ойын жеңіліп (Оңтүстік 0:3) топтан 2 орынмен шықты. Финалда біздің команда Алматы қ. Алаш командасымен кездесіп, ойынның берілген уақытында 0:0 есебімен тең түсіп, ойын соңындағы 11 метрлік айып добынан 4:3 есебімен жеңіліс тауып 2 орынға ие болды. Турнирдің ең үздік қақпашысы біздің команданың ойыншысы Кайратов Алишер атанды.

ҚР Кубогының алдын ала кезеңі

20-26 наурыз аралығында Шымкент қ. №8 БЖМОРСМ командасы футболдан ҚР Кубогының алдын ала кезеңінде ойын көрсетті. Ойынның бірінші күні біздің команда Оңтүстік командасынан 0:2 есебімен жеңіліс тапты. Жарыстың екінші күні №8 БЖМОРСМ командасы Түркістан облысының Арыс командасын 4:3 жеңіп шықты. Турнирдің соңғы күні біздің команда Дидар Сыдықбектің Футбол орталығы командасын 8:1 есебімен ойсырата жеңіп, топта 2 орынға ие болды. Естеріңізге сала кетейік, бұл жарыс Екінші Лига командалары арасында ҚР Біріншілігінің дайындығына арналған қорытынды кезеңі болып табылады, 4 сәуір күні №8 БЖМОРСМ командасы қонаққа Тараз командасын қабылдайды.

Осы RSS каналға жазылу

Байланыстар

Қазақстан Республикасы,

Нұр-Сұлтан қ. Кенесары көшесі 14 үй

тел:  +7 (7172) 39-02-72 

Қабылдау бөлімі

тел./факс:  +7 (7172) 39-01-37 

e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.