madsport          тел:  +7 (7172) 39-02-72

logo

LLF Junior 2019 турнирінде №8 БЖМОРСМ екі дүркін жеңімпаз атанды.

№8 БЖМОРСМ командасы тағы бір алтынды 2010 ж.т. жасөспірімдер жеңіп аалды. «ЛЛФ Джуниор 2019» жарысында ие болды. Заматаев Мади Ерканатовичтің спортшылары ойналған 14 ойында басқа командаларға бірде-бір мүмкіншілік бермей, барлық ойындарды жеңіп шықты. Біздің команданың спортшылары 56 гол салып, тек 6 гол ғана жіберіп алды. Бұл Біріншіліктің ең жақсы көрсеткіші болды. Осы жарыста №8 БЖМОРСМ командасының ойыншылары үздік атақтармен марапатталды. Турнирдің ең үздік ойыншысы Асатов Амир атанса, ең көп гол соққан Диян Алан болды.

Толығырақ ...

Тараз қ. өткен ҚР Чемпионатының жеңімпаздары.

Үстіміздегі жылдың 10-19 маусым аралығында Тараз қ. 2006 ж.т. жасөспірімдер арасында ҚР облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент ққ. қатысуымен ҚР Чемпионаты өтті. Жарысқа 4 топқа бөлінген 16 команда қатысты. №8 БЖМОРСМ командасы топтан 1 орынмен шығып финалға жолдама алу үшін Алматы обл. командасымен кездесіп ойынның берілген уақытында 2:2 есебімен тең түсіп, ойын соңындағы айып добынан №8 БЖМОРСМ командасы жеңіп финалға жолдама алды.

Толығырақ ...

Ақкөл а. келген балалар үйімен жолдастық кездесу.

Нұр-Сұлтан қ. №8 БЖМОРСМ Ақкөл а. №1 балалар үйімен қайырымдылық іс-шара өтті. Балаларға арнап, біздің Екінші Лига командалары арасында ойын көрсететін №8 БЖМОРСМ командасымен «Мастер класс» және жолдастық кездесу ойындары болды. Қазақстан – Сан-Марино ойынын көрдік. Балалар үйінің жаттықтырушысы Сергей Николаевичтің айтуы бойынша балалар жақсы әсер алды. №8 БЖМОРСМ қызметкерлері қыс мезгілінде келіп, балалармен жақсы уақыт өткізген болатын. Ойын ойнап, сол мезгілден бастап бірге қызмет көрсете бастадық. Балалар үйіне №8 БЖМОРСМ әрдайым көмектесіп тұрады.

Толығырақ ...

ҚР Екінші Лига ойынының ХІІ кезеңі

30 мамыр күні ҚР Екінші Лига командалары арасында Астана-Арена стадионында №8 БЖМОРСМ командасы ХІІ кезеңінде Қостанай қ. «Тобол М» командасын қабылдады. Шумара Андрей Викторовичтің командасы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Толығырақ ...

Казань қ. Халықаралық турнир.

29 сәуір мен 3 мамыр аралығында Казань қ. (Ресей) 2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында футболдан Кубок Волги Халықаралық турнирі өтті. Жарысқа 2 топқа бөлінген 10 команда қатысты. №8 БЖМОРСМ командасы 5 ұпаймен топтан шыға алмай қалды.

Толығырақ ...

Жеңіс күніне арналған Халықаралық турнир!

5-11 мамыр аралығында Алматы қ. Жеңіс күніне арналған 2007 ж.т. жасөспірімдер арасында футболдан Халықаралық турнир өтті. Жарыска 8 команда қатысты. Турнир соңында біздің команда 1 ойын жеңіп, 2 ойын тең түсіп және 1 ойын жеңіліп 4 орынға ие болды.

Толығырақ ...

Первая Лига 1 этап

Үстіміздегі жылдың 23 сәуір мен 5 мамыр аралығында футболдан ҚР Біріншілігінің 2003, 2004, 2005 жж. тулыған жасөспірімдер арасында І кезеңі өтті. Осы жылы ҚР Біріншілігіне 5 команда қатысты. біздің мектептің атынан 2003,2004 және 2005 ж.т. жасөспірімдер қатысып жатыр.

Толығырақ ...

қыздар арасында ҚР Чемпионатының 1-ші кезеңі

5-12 сәуір аралығында Шымкент қ. 17 жасқа дейінгі қыздар арасында ҚР Чемпионаты өтті. Жарысқа 6 команда қатысты. 1-ші кезең нәтижесі бойынша №8 БЖМОРСМ командасы 4-ші орында.

Толығырақ ...

№8 БЖМОРСМ командасының Екінші Лигада ойынының басталуы

Биыл бірінші жылы №8 БЖМОРСМ мектебінде команда ашылды, бұл команда 2019 жылдың ҚР Біріншілігінің Екінші Лига командалары арасында ойын көрсетеді. №8 БЖМОРСМ командасы бірінші турда ФК Тараз қаласын 4:2 есебімен жеңіп, 7 сәуір күні болған екінші турда №8 БЖМОРСМ командасы Академия Оңтүстік командасын 2:0 есебімен басым түсті.

Толығырақ ...

Алматы қ. Халықаралық турнир

2019 жылдың 21-31 наурыз аралығында футболдан 2004 ж.т. жасөспірімдер арасында ҚР ЕСЖ Г.А. Козельконы еске алуға 19 Халықаралық турнир өтті. Турнирге 2 топқа бөлінген 8 команда қатысты. «№8 БЖМОРСМ» КММ атынан Коновалов Владимир Николаевич пен Морозов Игорь Юрьевичтің командасы 2 ойынды жеңіп (Арыстан 2:0, ФК «Кайрат-2» 3:0), 1 ойын жеңіліп (Оңтүстік 0:3) топтан 2 орынмен шықты. Финалда біздің команда Алматы қ. Алаш командасымен кездесіп, ойынның берілген уақытында 0:0 есебімен тең түсіп, ойын соңындағы 11 метрлік айып добынан 4:3 есебімен жеңіліс тауып 2 орынға ие болды. Турнирдің ең үздік қақпашысы біздің команданың ойыншысы Кайратов Алишер атанды.

Толығырақ ...

Байланыстар

Қазақстан Республикасы,

Нұр-Сұлтан қ. Кенесары көшесі 14 үй

тел:  +7 (7172) 39-02-72 

Қабылдау бөлімі

тел./факс:  +7 (7172) 39-01-37 

e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.